×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Шетелдіктер Стамбулда тұруға рұқсат ала алмайды

16.07.2023, 13:08
Ашық дереккөз

Түркия Стамбулда шетелдіктерге тұруға ықтиярхат (рұқсат) беруге тыйым салу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Түркияның Milliyet басылымына сілтеме жасап.

Қалаға оқуға және емделуге келгендер үшін ерекше жағдайлар жасалады. Басылымның хабарлауынша, баспаналарды, сондай-ақ заңсыз мигранттарды қабылдайтын қонақүйлерді жалға бергендер айыппұл төлейді, тіпті түрмеге жабылады немесе лицензиясынан айырылады.

Түркиядағы шетелдіктердің басым бөлігі – 5,4 миллион азаматтың 1,2 миллионы Стамбулда тұратыны атап өтілді. Бұл шара заңсыз мигранттардың санын азайту ниетімен байланысты.

535 мың 25 адаммен Ыстамбұлдың шетелдік тұрғындарының көшін сириялықтар бастап тұр. Соңғы 2 аптада Ыстамбұл полициясы 5 мыңнан астам заңсыз мигранттарды ұстап, елден қуу орталықтарына жөнелтті.

Ыстамбұл да көші-қон және қазақстандықтар үшін танымал қала екенін ескеріңіз.

Серіктес жаңалықтары