×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ақмола облысында өзен жағасынан гранаталар табылды

10.10.2021, 13:10
Фото: Полиция департаменті

Ақмола облысының Аршалы ауданы аумағында бірнеше граната табылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қазан күні сағат 17:40-та Аршалы аудандық ПБ--ның кезекшілік бөліміне Нұр-Сұлтан қаласындағы Полиция департаменті Жедел басқару орталығынан хабар түскен. Онда 1974 жылғы ер адамның Аршалы ауданы Арнасай ауылы маңында балық аулап жүрген кезде гранатаға ұқсас затты көргені айтылған.

«Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің маңын тексеру кезінде Арнасай ауылынан 700 метр қашықтықтан атылған әскери емес 3 граната және 1 дыбыс немесе түтін шығаратын гранатаның сыртқы корпусы табылды. Табылған заттарды тексеру үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы Полиция департаментінің кинологтары мен саперлері тартылды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары