×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстанда мұнай өндірісі неге төмендеді

18.07.2023, 09:22
фото: ашық дереккөзден

Энергетика министрлігі елімізде мұнай өндірісінің төмендеуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Қазақстанда соңғы уа­қытта әртүрлі себепт­ерге, оның ішінде эн­ергия көздеріндегі аварияларға, сондай-ақ кен орындарында ағ­ымдағы және күтілетін жоспарлы жөндеу жұ­мыстарына байланысты өндірудің төмендеуі байқалуда, бұл тұта­стай алғанда республиканың ОПЕК+ келісімі аясында өзіне қабылдаған міндеттемелерді сақтау жөніндегі ниеттерін іске асыруға ықпал етеді”, – делінген хабарламада.

Ведомство республика мұнай өндіруші компаниялармен бірлесіп, міндеттемелердің сақталуына мониторинг жүргізуді және өндір­уді одан әрі төменде­ту бойынша консультацияларды жалғастырып жатқанын атап өтті.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстанда мұнай өндіру 2023 жылғы маусымда 2023 жылғы мамырмен салыстырғанда 3,2%-ға төмендеп, 6,4 млн тоннаны құрады.

Жуырда елімізде мұнай өндіруді тәулігіне 78 мың баррельге дейін қысқарту мерзімі 2024 жылдың соңына дейін ұзартылатыны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары