×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Боқаев Досаевқа: Алматыда автотұрақтарға төленген миллиардтар кімнің қалтасына түсті?

18.07.2023, 18:02
Боқаев Досаевқа: Алматыда автотұрақтарға төленген миллиардтар кімнің қалтасына түсті?
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қоғам қайраткері Санжар Боқаев Алматы әкімдігінің А-parking ақылы автотұрақтарына қатысты баспасөз баянына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әкімдік автотұрақтар Алматының меншігіне қайтарылғанын хабарлады.

"Ал олар кімге тиесілі болды? Барлық ақылы автотұрақтар жалпыға ортақ жолдар болып табылады. Оларды жеке меншікке беріп үлгерген бе? Миллиардтарды кім жинады? Қанша жиналды? Қай бөлігі бюджетке түсті, ал қай бөлігі олигарх Боранбаевқа кетті? Егер олар ескі жүйеден бас тартса, бұл қала үшін тиімсіз дегенді білдіреді. Неліктен олигархтың ашық лоббиі мен тиімсіз шешімі үшін Байбек жауапқа тартылмайды?"- дейді Боқаев.

Сондай-ақ, ол әкімдік мәліметінше бағдарламалық қамтамасыз ету толық іске қосылғанға дейін төлемді А-parking қабылдайтынын атап өтті.

"Яғни, төлем әлі де алынады ма? Егер жүйе жұмыс істемесе, төлемді қабылдаудың мәні неде? Бұл ақшаны жинау кімге тиімді? Бұл не береді? Көптеген елдерде ақылы автотұрақтар трафикті басқару саясатының бөлігі болып табылады. Бізде бұл – азаматтардың қалтасынан ақша шығару. Егер олар мемлекеттік кәсіпорынның шотына түспесе, ақша қай шотта жиналады? Бұл ретте бізге, тұрақ ақысын төлейтін қала тұрғындарына қандай қызметтер көрсетіледі? Әкімдік пен жеке меншік иесі А-паркинг атынан қосымша тұрақ орындарын құрған жоқ, автотұрақ аймақтарында автомобильдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін камералар орнатылмаған. Сонда қандай қызмет көрсетіледі?"- деп ашуланды қоғам қайраткері.

Боқаев әкімдіктің халықпен қарым-қатынас жасай алмайтындығын, соның салдарынан қала тұрғындары не болып жатқанын түсінбейтінін айтты.

"Неге адамдарға сауатты түсіндіру мүмкін болмады? Қаланы осылай басқаруға бола ма, Досаев? Жұмсақ жерден тепкенше жақ ашпадыңыздар. Бұл халықпен ақпараттық жұмыстағы талапсыздық пен немқұрайлылық", - деп жазды ол.

Айта кетейік, Алматы автотұрақтарының бұрынғы иелері Мұхтар Базарбаев пен Марат Пірінбеков сотталған болатын

Тергеу және сот талқылаулары барысында "A-Parking" ЖШС бұрынғы директоры Марат Пірінбеков 225 630 072 теңге сомасында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын иемдену және ысырап ету жолымен ұрлағаны дәлелденді. Бұл ақша компанияның шотына автотұрақ ақысынан түскен. Ал компанияның бұрынғы бас директоры Мұхтар Базарбаев 190 078 778 теңге жымқырған.