×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

МАЭК-тегі апат: үкімет кешенді "тірілту" үшін қанша қаржы бөлді

19.07.2023, 08:02
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Үкіметі тарапынан Маңғыстау атом энергетикалық кешенінің (МАЭК) тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бағытында қандай шаралар атқарылып жатқаны айтылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Маңғыстау облысы әкімдігінің сұранысы бойынша МАЭК-те жөндеу жұмыстарын жүргізуге ҚР Үкіметінің резервінен шамамен 4,9 млрд теңге сомасында қаржы бөлінді. Бұған қатысты ҚР Үкіметі тиісті қаулы қабылдады.

«МАЭК» ЖШС ұсынған тізім негізінде қажетті қосалқы жабдықтар мен тораптарды (компоненттерді) сатып алуға қаржыландыру тетіктері қарастырылды. Апаттық жағдайдағы құрамдас бөліктерді ауыстыру электр стансаларының генерациялаушы жабдықтарын тоқтату және тұтынушылар үшін шектеулер енгізу тәуекелдерін барынша азайта отырып, жабдықтың техникалық жай-күйі мен жұмысқа қабілеттілігін сақтауға және жұмыс кезінде олардың сенімділігі мен қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік береді», – делінген үкімет хабарламасында.

Еске салайық, 3 шілде күні МАЭК-те №1 энергетикалық блоктың жұмысы апатты жағдайда тоқтап қалған болатын. Апат салдарынан "Атырау мұнай өңдеу зауытының" жұмысы да тоқтады. Қаланың біраз бөлігі жарықсыз қалды.

МАЭК қызметкерлері сәуір айында кәсіпорында жабдықтардың тозғанын, сондай-ақ жалақының төмендігіне байланысты кадрлар жетіспейтінін айтқан. Ulysmedia тілшісі энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтен неге бұл ескертуді ешкім елемегенін сұрады.

Министр МАЭК-тегі жағдайдың күрделі екенін растады. Онда толық көлемде күрделі жөндеу жүргізілмеген, қаржыландыру жеткіліксіз болған.

Ал үкімет басшысы Әлихан Смайылов Атырау зауытындағы апат салдарынан елде жанармай тапшылығы туындамайтынына сендірді.

13 шілдеде Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) және Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) тексерудің алдын ала қорытындысы жарияланды.

Дәл сол күні “ҚазМұнайгаз” басшысы мен Энергетика вице-министріне сөгіс жарияланды.

 

Серіктес жаңалықтары