×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Ксения Собчак Сочиде болған жол апатына қатысты түсініктеме берді

10.10.2021, 20:29
Фото: Ашық дереккөзден

Журналист және тележүргізуші Ксения Собчак Сочиде жол апатына ұшырады. Ол апатқа себеп болған Mercedes автокөлігінің салонында болды. Мерседес соқтығысқан көліктен бір әйел қайтыс болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Апат кешкі сағат тоғыз шамасында Адлер мен Красная Поляна арасындағы тас жолда тіркелді.

РИА Новости хабарлағандай, Mercedes жүргізушісі, 1981 жылы туған ер адам басып озған кезде қарсы қозғалыс жолағына шығып, Volkswagen-мен соқтығысқан, содан кейін инерция бойынша соңғысы автобусқа соғылысқан. Онда он жолаушы болған, ешкім зардап шеккен жоқ.

Соққының салдарынан Мәскеу облысының 35 жастағы тұрғыны Volkswagen жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды, тағы екі адам ауруханаға түсті.

Тележүргізуші Ксения Собчактың айтуынша, оның  миы шайқалған және көптеген жарақаттары бар.

Оның айтуынша, ол оқиыға орынан басқа көлікке мініп кеткен, оның директоры жедел жәрдем шақырып, екінші көлікте зардап шеккендерге көмектесуге қалған.

"Российская газета" жазғандай, Сочиде апатқа ұшыраған Mercedes көлігінің жүргізушісі кінәсін мойындады.

Серіктес жаңалықтары