×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстандағы сақтандыру компаниялары байи түсті

19.07.2023, 15:11
Қазақстандағы сақтандыру компаниялары байи түсті
фото: ашық дереккөзден

Қаңтар айынан бері елдегі сақтандыру ұйымдары 87 мдрд теңге таза пайда тапқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша сақтандыру секторының таза пайдасы 87 млрд 241 млн теңге болды. Бұл - өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 165% артық», - деп жазылған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сақтандыру секторының жағдайы туралы сипаттамасында.

Агенттік дерегінше, сақтандыру ұйымдары жыл басынан бері қазақстандықтарға 98 млрд теңге төлеген.

«2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша төленген сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі 97 млрд 940 млн теңге болды. Бұл – өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 46,1% артық. Төленген сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасында ерікті мүліктік сақтандыру – 40,2%, ерікті жеке сақтандыру үлесі – 26,6% және міндетті сақтандыру 33,2%», - делінген агенттік мәліметінде.

Ведомство мәліметі бойынша елде 26 сақтандыру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде 10 ұйым өмірді сақтандыру бағытына маманданған. Ал активтер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активінде 1 маусымдағы жағдай бойынша 2 трлн 290 602 млн теңге бар Жылдың басында бұл сома 2 трлн 066 млрд 614 млн теңге болатын. Алты айдағы өсім – 10,8%.

«Активтердің құрылымында ең үлкен үлесті (71,3%) 1 трлн 632 млрд 372 млн теңге сомасындағы бағалы қағаздар алады. Одан кейінгі орында екінші деңгейлі банктердегі салымдар (5,1%) - 116 млрд 769 млн теңге. Қайта сақтандыру активтері 85 млрд 934 млн теңге болды. Бұл сақтандырылған бүкіл активтің 3,8%-ы деген сөз. Міндеттемелер және резервтер сақтандыру ұйымдарының сақтандырушы алдындағы міндеттемелері 1 трлн 453 млрд 158 млн теңге болды. Міндеттемелердің құрылымында ең үлкен үлесті (82,1%) 1 трлн 193 млрд 632 млн теңге сомасындағы сақтандыру резервтері иеленеді», - делінген сипаттамада.