×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Ақтөбеде әкімдік қызметкерін қатыгездікпен өлтірген қаскөйдің жазасы ауырлады

20.07.2023, 08:19
Ақтөбеде әкімдік қызметкерін қатыгездікпен өлтірген қаскөйдің жазасы ауырлады
фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде облыстық әкімдік қызметкерін 35 жерден пышақтап өлтірген қылмыскердің жазасы ауырлай түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін ол 11 жылға сотталған болатын. Істі қайта қараған апелляциялық алқа бұрынғы жазаға тағы төрт жыл қосып, сотталушыны 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Марқұмның бұған дейін шығарылған үкіммен келіспеген еді. Өйткені бірінші сот қылмыстық істегі аса қатыгездікпен деген бапты алып тастап, тек адам өлтіргені үшін соттаған болатын. Бірақ қаскөйдің марқұмды пышақтаған соң, ес-түссіз қансырап жатқанда қосымша бауыздағаны анықталды. Көзіне қан құйылған күдікті өлі денені жүксалғышқа тығып, екі күн жүргені де жан түршіктіреді. Сараптама оның психикалық ауытқудан ада екенін де растаған.

Естіріңізге салсақ, бұл қанды қылмыс  2023 жылдың 23 ақпанда болды. Қылмыскер мен жалғызбасты ана ғаламторда танысқан. Жігіт өзін бойдақ және әйелден 6 жас үлкен екенін айтады. Алайда ақырғы кездесуінде марқұм көңілдесінің отбасылы екенін ұялы телефонындағы суреттерден біліп қалған. Содан туған жанжалдың арты екі баланы анасыз қалдырды. Облыстық әкімдікте жұмыс істейтін әйелдің көңілдесі көлігінің суырмасында жатқан пышақты алып, 35 жерінен сұққылаған. Марқұм әйел таксидің жүксалғышынан табылған еді.

Прокурор әу баста сотталушыға 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған еді. Алайда сот сотталушының жәбірленушіні аса қатыгездікпен өлтіруге ниетін растайтын дәлелдер анықталмағанын алға тартып, істі ҚК-нің 99-бабы 2- бөлігі 5-тармағынан ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне қайта саралаған. Нәтижесінде қаскөй 11 жылға сотталған болатын.