×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Алматыда жас келіншек 3 баласының көзінше өз-өзіне қол салды

20.07.2023, 13:12
фото: ашық дереккөзден

Алматыда 29 жастағы келіншек үш баласының көзінше пәтерінде асылып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көршілері 1994 жылы туған әйел  бірнеше рет тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын жеткізген. 

"Ол Қырғызстаннан, Алматыда жақындары жоқ. Әйелдің аты – Айпері", - деп хабарлады “Немолчиkz” қоры.

Алматы полициясы бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлімдеді.

«Әуезов аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері 1994 жылы туған Б-ның өлімінің себептері мен мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды», - деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, Қазақстанда соңғы 2,5 жылда үйдегі зорлық-зомбылықтан 300 адам көз жұмды.

Серіктес жаңалықтары