Көкшетауда 19 жастағы қыз мектеп аумағында суицид жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ақмола облыстық полиция департаменті хабарлағандай, 20 шілдеде «102» арнайы желісіне Әуелбеков көшесі, 177 мекенжайында орналасқан №16 орта мектептің аумағында асылып тұрған қыздың денесі табылғаны туралы телефон хабарламасы түскен.
«Оқиға орнына Көкшетау ПБ жедел-тергеу тобы жіберілді. Қыздың жеке басы анықталды, ол Көкшетау қаласының 2004 жылы туған тұрғыны болып шықты», - делінген хабарламада.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.
Қазіргі кезде сараптама тағайындалып, оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау шаралары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жас келіншек 3 баласының көзінше өз-өзіне қол салған.