×
440.9
475.95
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
440.9
475.95
4.82

Қазақстанның Ұлттық музейіне келушілердің рекордтық саны тіркелді

22.07.2023, 09:55
Ашық дереккөз

Жылдың басынан бері ҚР Ұлттық музейіне 310 мың адам келген. Салыстыру үшін, 2022 жылы мұражайды 330 000 қонақ тамашалаған. Бұл туралы Ұлттық музей директорының міндетін атқарушы Айбек Сыдықов айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Келушілердің арту динамикасының себебін ол осы жылдың сәуір айында екі жаңа залдың ашылуымен байланыстырады. Бұл барлық жастағы қонақтарды қызықтыратын палеонтология залы және қолөнершілер орталығы. Палеонтология залында тиранозавр рекс, гиппарион жылқысы, ірі мүйізді бұғы, алып индрикотериум мүйізтұмсық, мамонт және басқа да жануарлардың қаңқалары мен қалдықтары ұсынылған. Қолөнершілер орталығы түрлі кәдесыйлар мен еліміздің шеберлерінің сәндік-қолданбалы өнерінің үздік туындыларын ұсынады.

Жыл басынан бері Ұлттық музейде 22 ірі көрме өтті. Оның ішінде 4 халықаралық жоба бар. Сондай-ақ «Музейлер түні» халықаралық акциясы аясында Ұлттық музейді бір түнде 47 мыңнан астам адам тамашалап, тағы да рекорд орнатты.

Бірінші жартыжылдықта мұражай қоры 4 мыңнан астам экспонатпен толықты.

«2014 жылдан бері Ұлттық музей тарихында екі ірі келушілер легі тіркелді. 2017 жылы ЭКСПО халықаралық көрмесі аясында Ұлттық музейді 280 мың адам тамашаласа, өткен жылы бұл көрсеткіш 330 мың адамға жеткен. Биылғы жылдың тек алты айында ғана 310 мың келушілер тіркелген. Бұл халқымыздың мың жылдық мәдени мұрасы мен тарихына деген қызығушылықтың артқанын көрсетеді», - деді Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Айбек Сыдықов.

Серіктес жаңалықтары