×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Пандемияда бізді SMM мамандары құтқармайды: химик Қазақстанда ғылымды танымал етуге шақырады

23.07.2023, 16:34
Ашық дереккөз

Химик Дінмұхамед Шахман Қазақстанда ғылымды танымал етуге шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шахман «трендтерден қалмайтын» қазақтардың тізіміне назар аударды.

«Әдеттегідей медицина мен ғылымнан бірде-бір адам жоқ. Бұл Қазақстанда ғылымның танымал емес екендігінің тағы бір дәлелі», - дейді ол.

Химик ғылым өкілдерінің қазақша танымал подкасттар мен шоуларға әрең қатысатынын да атап өтті.

«Көптеген жігіттеріміз халықаралық компанияларда жұмыс істесе де, ғылыммен айналысады, бірақ олар туралы ешкім сөз қозғамайды.

“Мен, SMM мамандарының немесе мобилографтардың мәртебесін төмендетпеткім келмейді, бірақ қиын уақытта адамдардың өмірін сақтап қалмайтынын да ұмытпаған жөн.

Бізді пандемиядан құтқаратын SMM және мобильографтар емес, біз ғылымдағы трендтерді белгілей аламыз деп үміттенемін», - деп түйіндеді Дінмұхамед .

Серіктес жаңалықтары