×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Анасының қарызы үшін кішкентай қызын ұрған әйел 2 айға қамалды

24.07.2023, 12:18
Анасының қарызы үшін кішкентай қызын ұрған әйел 2 айға қамалды
видеодан кадр

Алматы облысында кішкентай қыздың аузы мен қолын байлап, қараусыз ғимаратқа апарып ұрған әйел 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Сот шешімімен 22 шілде күні 1999 жылғы азаматша 2 айға қамауға алынды. Қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК 126 бабы бойынша тергеу басталды», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысынан әйелдің кішкентай қыздың қолын байлап, аузына шүберек салып, белгісіз бағытқа алып кеткені туралы видео тараған болатын.

Тексеру барысында полиция қызметкерлері 23 жастағы әйелді анықтады. Күдікті Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Құзырлы органдар белгілі кәмелетке толмаған адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы 2-бөлігі 5-тармағы – заңсыз бас бостандығынан айыру бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлаған.