×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

АҚШ Украинаға тағы 400 млн долларлық әскери көмек жөнелтеді

25.07.2023, 09:40
фото: ашық дереккөзден

АҚШ Украинаға жалпы құны 400 миллион долларды құрайтын жаңа әскери көмек пакетін ұсынатынын жарияламақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  AP агенттігіне сілтеме жасап.

Жаңа әскери көмек пакетіне әуе қорғанысының озық жүйелеріне арналған әртүрлі оқ-дәрілер, Hornet барлау дрондары, сондай-ақ бронетранспортерлер кіреді.

Сондай-ақ, көмек пакетіне HIMARS зымырандары, NASAMS Әуе қорғанысы жүйелері, Stinger және Javelin, Hydra-70 авиациялық зымырандары енеді.

Сонымен қатар, АҚШ Украинаға гаубиялық артиллериялық снарядтарды және 32 Stryker бронетранспортерлерін, миналарды, минометтерді және 28 миллион атыс қаруын береді.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айында Америка Құрама Штаттары Украинаға жалпы құны 325 миллион долларды құрайтын жаңа қорғаныс қолдау пакетін бөлетінін ресми түрде жариялады.

Серіктес жаңалықтары