×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Алматыдағы сауда орталығында 4 жасар қызды теуіп құлатқан шетелдік елден қуылады

25.07.2023, 13:49
видеодан кадр

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы облысындағы ойын-сауда орталығында кішкентай қызды теуіп құлатқан шетелдіктің қылығы бұзақылық деп танылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Бұл жайт "Бұзақылық" бабы бойынша тіркелді. Әрекетті жасаған адам ұсталып, УҰИ-на қамауға алынды. Алматы облысы ІІМ ПД-мен байланыстамын. Бұл факт бойынша сот шешімі күшіне енгеннен кейін тұлғаны ҚР шекарасынан шығаруға бағытталған сот процесі басталады (жазасын мұнда өтегеннен кейін)”, – деді Зәкиева.

Сондай-ақ, ол қазіргі таңда заңнамада балаларға қатысты қылмыстың осындай құрамына байланысты бап жоқ екенін атап өтті.

“Нәтижесінде тұлға жауапқа «кәмелетке толмағанға қатысты жасалған іс-әрекет» деген ауырлатушы біліктілік белгісі де жоқ «Бұзақылық» бабы бойынша тартылады. Осыған байланысты біз қазір ҚР ІІМ-мен бірлесіп, заңнамаға балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты тиісті баптарды енгізумен жұмыс істеп жатырмыз. Жалпы, түзетулер балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты әртүрлі саламен байланысты. Заңнамаға ұсыныстар пакетін ҚР Парламентіне осы күзде беруді жоспарлап отырмыз”, – дейді омбудсмен.

Еске салайық, бұдан бұрын Алматы облысының Қарасай ауданында сауда орталығында Түркия азаматы 4 жасар қыз баланы теуіп құлатқаны хабарланған.

 

Серіктес жаңалықтары