×
523.17
550.06
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.17
550.06
4.93

Францияда Әблязовқа қатысты іс қайта жанданды

24.05.2023, 08:11
Францияда Әблязовқа қатысты іс қайта жанданды
Regnum

Францияның апелляциялық сотының қазақстандық банкир Мұхтар Әблязовқа қатысты сот талқылауын тоқтату туралы шешімін елдің Кассациялық соты жарамсыз деп таныды. Әблязовқа ақша жымқырды деген айып қайта тағылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  mediapart.fr-ге сілтеме жасап.

Кассациялық сот Бас прокурордың апелляциясы нәтижесінде Париж апелляциялық сотының тергеу палатасы 2022 жылдың 13 қаңтарында қабылдаған шешімнің барлық тармақтары жойылғанын және істі қайта қарауды талап ететіндігін атап өтті.

Қазақстанда Мұхтар Әблязов 7,5 млрд доллардан асатын сомаға "БТА банкінен" қаржы ұрлағаны және қылмыстық қоғамдастық құрғаны үшін кінәлі деп танылды.

Экс-банкир – елімізде экстремистік ұйым деп танылған  "Қазақстанның демократиялық таңдауы" тіркелмеген қозғалысының көшбасшысы.

Бұған дейін бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Мұхтар Әблязовты неге экстрадициялай алмайтынын айтқан болатын. Оның айтуынша, экстрадициялау проблемалары "Франциямен тиісті шарттың болмауынан" туындайды.

Айта кетейік, бұдан бұрын журналист Думан Мұхаметкәрімнің адвокаты оның Әблязовпен сұхбаты үшін жауапқа тартылуы мүмкін екенін мәлімдеген.