×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Пайдасыз жиналыс, тыңдаулардан жалықтық»: Маралдылықтар тағы президент Тоқаевқа үндеу жолдады

26.07.2023, 07:53
Коллаж: ulysmedia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылына кеше облыс және республикадан жауапты тұлғалар барып, алтын зауыты құрылысына қарсы маралдылықтармен кездескен. Алайда кездесу қорытындысына сондағы жұрттың көңілі толмай отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Фабрикаға қарсы болып неше ай болды сандалып жүрміз. Міне, тағы келіп кетті. Келіп кеткен үкімет басшыларынан бізге ешқандай пайда жоқ. Сенуден де қалдық. Тыңдау, жиналыстардан да жалықтық. Бізді тыңдайтын биліктегілердің құлағы керең болып қалған ғой деймін. Облыс әкімін де шақырдық. Келмеді. Ешкімге керегі жоқ боп қалдық. Президентке үндеу жасағымыз келеді – осы мәселені шешіп берсе деп ойлаймыз», - дейді тұрғындардың бірі.

Айта кетсек, бұған дейін Маралдыдағы жергілікті тұрғындар мен алтын зауыты компаниясы күзетшілері қақтығысқан. Қоғамдық тыңдау өтеді деген күні билік тарапынан ауылға ешкім келмей, мұның арты ауыр салдарға апара жаздаған.

Күршім ауданы Маралды мен Үшбұлақ ауылының тұрғындары осы жылдың басында да президентке жүгінген еді.

Серіктес жаңалықтары