×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Астанада автобус жолаушыларының 51%-ы жолақысын төлемейді

26.07.2023, 11:43
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «№1 Автобус паркi» АҚ басқарма төрағасы Медет Шақаев мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның сөзінше, Астанада халық саны жыл сайын артып келеді. Қазірдің өзінде шамамен қалада 400 автобус жетіспейді.

«Астана қаласының «№1 Автобус паркі» елорданың бүкіл маршруттық желісінің шамамен 70 пайызын қамтиды, яғни 38 қалалық бағдарға және 28 қала маңындағы (100%) бағдарға қызмет көрсетіп келеді. Жылжымалы құрам Iveco, Yutong маркалы ыңғайлы автобустардан тұрады. Олардың саны 700-ге жуықтады. Кәсіпорында 1472 адам жұмыс істеп жатыр, оның 1013 - і жүргізуші қызметінде», - деді М.Шақаев.

Жалпы, қалада 6 автобус паркі қызмет көрсетіп жатыр. Күн сайын елорда көшелерінде 850-ден астам автобус жүреді.

Сондай-ақ, компания басшысы жолақысын төлемейтін жолаушыларға қатысты сауалға жауап берді.

"Жолаушылар аз болса да біз автобустардың жүру жиілігін ұзартпаймыз. Бізде нақты кестелер, нақты жоспарлар бар, барлық автобустар жолаушылар мен төлемдердің бар-жоғына қарамастан желіге шығады. Соңғы CTS деректері валидация өсімі аз екенін көрсетті – небары 51%. Бұл дегеніміз, жолаушылардың кем дегенде 51%-ы жол ақысын төлемейді, бұл біздің шығындарымыз, жалақымыз, уақтылы сатып алынған жанармайымыз, қосалқы бөлшектеріміз. Бүгінгі таңда жағдай көңіл көншітпейді. Егер біз 100 адамды тасымалдайтын болсақ, оның 51-і жол ақысын төлемейді", - деді ол.

Серіктес жаңалықтары