×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Астанада шенеуніктер тендер өткізбестен кәсіпкерлермен заңсыз шарттар жасасқан

27.07.2023, 14:34
фото: ашық дереккөзден

Елордада мемлекеттік мекемелер міндетті түрде тендер өткізбестен таңдалған өнім берушілермен тікелей мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды заңсыз жасасқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокурарута мәліметінше, дәл осындай 23 факті анықталған.

“Басқа жағдайда, мемлекеттік мекемелер әлеуетті қатысушылардың санын шектеп, жұмыстарды лоттарға бөлмей, олардың біртекті түрлері бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарын заңсыз түрде күрделендіріп, нәтижесінде конкурсқа көрсетілетін қызметтердің нақты көлемін көрсетпей, сондай-ақ қаржы жылынан асатын мерзімге шарт жасасуға тырысты”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ,  прокуратура органдары тарапынан қадағалау актілерінің арқасында мемлекет кірісіне 26 млн.теңге өндіріліп, жосықсыз мердігерлерден айыппұл санкцияларын өндіріп алу бойынша әрекетсіздік фактілері анықталды.

“Енгізілген қадағалау актілерінің нәтижелері бойынша 3,9 млрд.теңгеден астам сомаға заңсыз мемлекеттік сатып алу қорытындылары жойылды. Кінәлі лауазымды тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, барлық мемлекеттік ұйымдарға мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы мүлтіксіз сақтау қажеттілігі туралы ұсынымдар берілді”, – деп мәлім етті ведомство.

Айта кетсек, бұдан бұрын СҚО шенділері 3 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алуларын заңсыз өткізбек болған еді.

Серіктес жаңалықтары