×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

"Мусин отставкаға кетсін": қазақстандықтар петицияға қол қойып жатыр

01.08.2023, 08:04
"Мусин отставкаға кетсін": қазақстандықтар петицияға қол қойып жатыр
instagram.com/bagdatmussin

Қазақстандықтар цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің отставкаға кетуін талап ететін петицияға қол қойып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"2023 жылғы 11 шілдеде Бағдат Мусин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде интернеттің әлдсіз болуына бағаның төмендігі себеп екені жөнінде есеп берді. Оның сөзінше, "екінші мәселе - тарифтердің арзандығы және біздің пайдаланушылар үнемі интернетте отырады". Оның сөзінен кейін барлық қазақстандық ұялы байланыс операторлары интернет сапасы сол деңгейде қалғанына қарамастан өз тарифтерінің бағасын бірден көтерді.Тіпті “Қазақтелеком” соңғы пайдаланушы үшін таңдау қалдырмай, мұрағат тарифтерінің бағасын көтерді", - делінген петиция мәтінінде.

1 тамыздағы көрсеткіш бойынша Мусиннің отставкаға кетуін 12,6 мыңнан астам адам қолдаса, 400-ден астам адам қарсы дауыс берді.

"Көптеген қазақстандықтар Бағдат Мусиннің отставкаға кетуі туралы петицияны қолдайды деп санаймын, өйткені ол интернет-қызметтердің бағасын ұстап тұра алмайды, керісінше оларды көтеріліп жатыр", – деді петиция авторы Тамирлан Мұратұлы.

Айта кетейік, бұдан бұрын Мусин интернет жылдамдығы жағынан Астана Токионы басып озғанын мәлімдеген.

Сондай-ақ, ол жуырда елорданың кейбір аудандарында интернет сапасының нашар болуы себебін түсіндірген.