×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Астанада 130-дан астам құрылыс компаниясы миллиондаған айыппұл арқалады

01.08.2023, 08:48
фото: ашық дереккөзден

Елордада абаттандыру ережелерін бұзу фактілері анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІІМ мәліметінше, 7ай ішінде 1 721 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 134 құрылыс компаниясы мен 89 қызмет көрсететін ұйым бар. Айыппұлдардың жалпы сомасы 19 млн теңгеден асады.

– Бұдан басқа белгіленбеген жерлерге қоқысты тастап кететін адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері 240 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 6 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Сондай-ақ 33 жүргізуші топырақ, қоқыс, сусымалы құрылыс және басқа да материалдарды жабынсыз тасымалдағаны үшін жауапқа тартылды, – деп мәлім етті полициядан.

Рейдтік іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары қала аумағына құрылыс қоқыстарын тастаған 39 жастағы КамАЗ жүргізушісін анықтады. Ер адамға 30 АЕК (103 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, бұдан бұрын астаналықтар Президент саябағында салынып жатқан жаңа көпір құрылысының қалдықтары Есіл өзеніне тасталып жатқанын айтқан.

Серіктес жаңалықтары