×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Павлодар облысында 3 жыл бұрын жөнделген стадион қирап жатыр

01.08.2023, 11:47
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда бұқаралық спортты дамыту бойынша түрлі бағдарламалар мен жобалар қолға алынғанына қарамастан, жүйелі мәселелер шешімін тапқан жоқ. Премьер-министр Әлихан Смайылов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ақпараттық кеңістікті мониторингтеу нәтижесінде шілде айының өзінде ғана осы саладағы проблемаларға қатысты халықтан көп шағым түсетіні анықталды. Өкінішке қарай, жергілікті билік тұрғындар көтерген мәселелерді шешуге тиісті деңгейде әрекет жасамай отыр. Мәселен, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кентінде 2020 жылы жөнделген стадион құлап жатыр. 3 жыл ішінде бұл объект жарамсыз болып қалды десе де болады: футбол алаңы мен жүгіру жолдарынан бастап трибуналар мен киім ауыстыратын бөлмелерге дейін жарамсыз күйге түскен», - деді Ә. Смайылов.

Премьердің сөзінше,  Қарағанды облысындағы Шұбаркөл көмір вахталық кентіндегі спорт залы да қирап жатыр. Бұл жағдай осы нысанға ешкім көңіл бөлмегенін көрсетіп отыр.

«Ақтөбе облысының Шиқұдық ауылындағы Теректі мектебінде спортзал жоқ. Айтпақшы, спортзалдары жоқ мектептер тек шағын ауылдарда ғана емес, сонымен қатар ірі қалаларда да көп. Дене шынықтыру мұғалімдері мен кәсіби жаттықтырушылар жетіспейді. Сонымен қатар, жұртшылық Астанадағы Ұлттық спорт университетінің және Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлық орталығының құрылысы ұзаққа созылып кеткеніне наразы. Спортты дамыту және саламатты өмір салтын насихаттау бағытында біз ауқымды жұмыстар жасап келеміз. Алайда, кейбір мәселелер бойынша бір орында тұрып қалдық. Өкінішке қарай, бізде дене шынықтыру мен спортты басқарудың тиімді біртұтас жүйесі жоқ. Бұл мәселе, әсіресе, жергілікті жерлерде өте өзекті», - деді үкімет басшысы.

Айта кетейік, бұдан бұрын елімізде дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға бөлінген мемлекет қаржысының ұрлануына қатысты 21 іс тергеліп жатқаны хабарланған.

 

Серіктес жаңалықтары