×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Халықтан 215 млн теңге жинаған: Астанада қаржы пирамидасын құрушыға үкім шықты

03.08.2023, 10:03
фото: ашық дереккөзден

Астана қаласында қаржылық пирамиданы құру және басқару фактісі бойынша Sincere Systems ЖШС басшылығына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан мәлімет бойынша, бұл ЖШС 2020 жылдан бері жұмыс істеп келеді және криптовалюта биржаларымен ынтымақтасатын компанияның атын жамылып, халықтан қаражат жинаған.

"Салымшылардың санын көбейту үшін ойдан шығарылған жобаларға инвестиция салу мүмкіндігі қарастырылды. Клиентті инвестицияның қауіпсіз екендігіне сендіру үшін ID беру арқылы клиенттің жеке кабинеті тіркелген, салымға тең виртуалды қаражатпен толықтыру мүмкіндігі бар веб-сайт құрылды", – делінген хабарламада.

Халықтан жиналған қаражат көлемі 215 млн теңге болған.

"Сот үкімімен Sincere Systems ЖШС басшысы 5 жылға инвестициялық қызметпен айналысуға тыйым салынып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды", – дейді агенттіктен.

Айта кетейік, бұдан бұрын Астанада Antares қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға үкім шыққан.

Серіктес жаңалықтары