Щучинск қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетов әкімдіктің Instagram парақшасында тікелей эфирге шықты. Эфир соңында шенеунік азаматтардың сұрақтарына дөрекі жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Нұрмағамбетов соңғы алты айдағы жұмысы туралы есеп беріп болған соң трансляция аяқталды деп шешсе керек, әрі қарай ол дөрекі сөйлей бастайды.
"Бұл сұрақтарды бір жерлеріне тығып қойсын...". Нақты қай жерге екенін жазбаймыз, бірақ суретін сала аламыз".
Әлеуметтік желідегі жұрт әкімнің бұл сөзіне шүйлігіп, оның қатаң сынға алды. Шенеунікке қатысты қызметтік тергеу басталды.
Айта кетейік, бұдан бұрын Көкшетау әкімі Бауыржан Ғайса көпбалалы ананың өтінішіне дөрекі жауап берген.