×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстанға келетін Ауғанстан жастарынан қауіп бар ма

07.08.2023, 17:07
Фото: Сауда және интеграция министрлігінен

Астанада ауған кәсіпкерлерінің қатысуымен өткен бизнес-форум біршама талқыланғаны белгілі. Қазақстанға келіп оқитын ауған жастарының көбейетіні де айтылып жатыр. Осы ретте кейбір қазақстандықтар ауған студенттері жергілікті жастарға радикалды көзқарасты тарата ма деп қауіптенеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.

Ауғанстан басшылығымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту аясында Қазақстан Талибан мәртебесін өзгертпейді. Бұл ұйымға Қазақстан Республикасында әлі де тыйым салынады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

Бүгін ресми өкіл өткізген баспасөз мәслихаты барысында журналистер «Талибан» Қазақстанда әлі де лаңкестік ұйым ретінде қарастырыла ма және Ауғанстанның жаңа билігі Астанадағы форум барысында бұл мәселені көтерді ме?» деген сұрақ қойды.

Смадияров бизнес-форум барысында Қазақстанда Талибанның мәртебесі туралы мәселе талқыланбағанын атап өтті. Өйткені мұндай мәселелер үшін халықаралық шара өткізу керек.

«Талибанның мәртебесі өзгеріссіз қалады. Ауғанстанмен тек экономикалық қарым-қатынасымыз бар. Біздің өндірушілер мен экспорттаушыларға тиімді мәселелер ғана талқыланды», - деді Айбек Смадияров.

Ауған жастарынан қауіп бар ма?

Сондай-ақ журналистер «қазақстандықтар ауған студенттерінің келуінен қорқуы керек пе?» деп сұрады. Сауда министрлігінің мәліметінше, қазір Қазақстанда Ауғанстаннан келген 400-ден астам студент білім алып жатыр. Жақын арада олардың қатарын басқа студенттер де толықтырады.

Смадияровтың айтуынша, барлық шетел студенттері Қазақстанға кірер алдында елшілікте тексеріледі. Олардың зайырлы көзқарасты қаншалықты ұстанатыны және өз еліндегі радикалды ағымдарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

«Бағдарламаның төлемі ЕО-дан келеді. Бұл толығымен еуропалық бағдарлама. Мұнда студенттерді жібермес бұрын олар тексеріледі, визаға құжат тапсырады, осының бәрі жіті тексеріледі. Қорқыныш негізсіз. Олар жай ғана оқығысы келетін қарапайым студенттер», - деп нақтылады Смадияров.

Десе де ол студенттердің радикал немесе радикал емес екеніне 100 пайыз ешкім жауап бермейтінін атап өтті.

Еске сала кетсек, таяуда Астанада Қазақстан-Ауғанстан бірлескен бизнес-форумы өткен еді.

Серіктес жаңалықтары