×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Алматыда Сейфуллин даңғылының бір бөлігі жабылады

08.08.2023, 18:01

Алматыда Сейфуллин даңғылында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы қаласының мобилділік басқармасының мәліметінше, Алматы-1 темір жол вокзалынан Жұмабаев көшесіне дейінгі бөлігінде полимерлі асфальтбетон жабынын төселіп, көлік қозғалысы ашылды.

Енді Жұмабаев көшесінен Ақан Сері көшесіне дейін полимерлі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары жүргізіледі.

 

"Бұл учаскеде 8 тамыз сағ.23-00-ден 10 тамыз 07-00-ге дейін полимерлі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша толық шектеледі", – делінген хабарламада.

Жөндеу жұмыстарын Ақан Сері, Жансүгіров, Жұмабаев көшелері арқылы айналып өтуге болады.

"Сейфуллин даңғылын қиып өтетін Жұмабаев, Айбасов, Дулатов, Котельников, Ақан сері  көшелерінде қозғалыс ашық болады", –  деп хабарлады басқармадан.
Серіктес жаңалықтары