×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

"1 млн теңге берем": Балаларды чиптеуді ұсынған депутат дұшпандарын іздеуге кірісті

10.08.2023, 08:29
фото: ашық дереккөзден

Павлодарлық мәслихат депутаты Гүлжайна Дәрімова өзіне қарсы үнпарақ таратылып, қала бойынша сауалнамалар жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Жағалауда үнпарақтар таратылып жатыр. Мен халық үшін адал депутат болғым келді. Бірақ ондайлардың қажеті жоқ екен. Жерлестерім, өкінішке қарай, үміттеріңізді ақтамадым. Бәріңізді жақсы көремін", - деді ол.

Депутат өзіне қарсы акция ұйымдастырғандарды іздеп табуға уәде беріп, желідегі парақшасында үнпарақтарды басып шығарған баспахана туралы ақпарат үшін 100 мың теңге сыйақы жариялады. Ал өзіне қарсы науқанға тапсырыс берушіні тапқандарға бір миллион теңге беруге дайын.

Бұған дейін Дәрімова Қазақстанда қиын жасөспірімдер мен балаларды чиптеу керек екенін айтып, басы дауға қалған.

Ол Павлодарда буллингтің жиілеп кетуіне қатысты былай деді:

"Адамгершілікке ада адамдар тек чип қана емес, бір жеріне тағы бірдеңе салу керек. 100 рет айналдыру қажет. Кешке олардың үйде екенін тексеру керек. Егер жоқ болса, оларды бірден арнайы қабылдағышқа, интернатқа жіберу қажет", - деді депутат.

Біраз уақыттан кейін Дәрімова бұл сөздері үшін ақтала бастады.

"Мен қиын балаларға чип салу керек дедім. Балаларды ұратын, қоғам үшін қауіпті жасөспірімдерге. Әдеттегідей, сөзімнің өңін айналдырып, хайп жасайды. Бұл тек менің жазылушыларымды көбейте түседі", - деді ол.

Депутаттың әлеуметтік желідегі соңғы бірнеше жазбасы дау тудырып, оны сынға алушылар көбейді. Десе де, депутат ісі мен сөзінің дұрыстығына күмән келтірмейді.

Еске салсақ, бұдан бұрын әлеуметтік желілерде 13 жасар жасөспірімді Павлодарда бірнеше адам ұрып-соққаны туралы ақпарат пайда болды. Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, төбелеске қатысқандардың барлығы анықталып, тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары