×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Алматыда «Күрделі құрылыс кәсіпорны» басшысы мемлекеттік пәтерді туыстарына сатқан

10.08.2023, 11:31
фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласы №2 Медеу ауданының аудандық соты  «Алматы қаласы әкімдігінің Күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС директоры Р. Байтасовқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикордың хабарлауынша, ол  4 жылға бас бостандығынан айырылды.

“Байтасов өзінің туыстары мен таныстарына 23 мемлекеттік пәтерді төмен бағамен заңсыз сату арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталды. Мемлекетке келтірілген залал сомасы 388 млн теңгеден асты”, – делінген хабарламада.

Сотталушы мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұдан бұрын Антикор  Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы ұсталғанын мәлім еткен.

Серіктес жаңалықтары