×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Үй жануарларының иелері «Астана ВетСервис» мекемесінің санитарлық жағдайына шағымданды

13.08.2023, 13:51
Ашық дереккөз

Астана тұрғындары «Астана ВетСервис» мекемесіндегі антисанитарлық жағдай туралы мәлімдеді. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Видеоны ветеринарлық орталыққа үй жануарын тегін чиптеуге келген астаналықтардың бірі түсіріп алған.

Оның айтуынша, бөлмеде санитарлық нормалар бұзылған, чиптеу процедурасынан кейін үстелдер өңделмейді, шыбындар қаптап ұшып жүр.

"Біз чиптеуге келдік. Барлық жерде антисанитариялық жағдай. Үстел, тіпті жануардан кейін тазаланбайды. Шыбындар көп", - деді ол.

Астана қаласы әкімдігінің «Астана ветеринариялық қызметі» ШЖҚ МКҚК елордадағы панасыз жануарларды уақытша ұстау изоляторы болып саналады, мұнда үй жануарларына да бірқатар ветеринариялық қызметтер көрсетіледі.

Еске салайық, 1 қыркүйектен бастап қазақстандықтар үй иттері мен мысықтарын тіркеуге, яғни оларға арнайы чиптер салуға міндетті.

Серіктес жаңалықтары