×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

ҰҚШҰ-ға мүше елдер аумағында арнайы операция жүргізіледі

14.08.2023, 11:04
ria.ru

Қыркүйекте ҰҚШҰ-ға мүше елдердің аумағында есірткіге қарсы операция жүргізіледі. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Алматы қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қамқорлығымен «Канал-Перехват» есірткіге қарсы операциясын өткізу жөніндегі ұйымдастыру кеңесі аяқталды. «Канал-Перехват» операциясы 2023 жылғы қыркүйекте ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағында есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі құзыретті органдардың қатысуымен жүргізіледі. Қатысушы елдердің құқық қорғау органдарының өзара әрекеттесуі мен іс-қимылын үйлестіруді Алматы қаласындағы ОАӨАОО – Орталық Азия өңірлік есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі ақпараттық үйлестіру орталығының алаңында орналасқан Халықаралық үйлестіру штабы жүзеге асырады», - деді министрлік өкілі.

Бақылаушылар ретінде Үндістан, Иран, Қытай, Моңғолия, Сирия, Түрікменстан, Өзбекстан құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымдар – Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі еуразиялық топ, БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі өңірлік басқармасы, ШЫҰ-ның терроризмге қарсы өңірлік құрылымы, ТМД кеден қызметтерінің құқық қорғау бөліністері басшыларының комитеті қатыспақ.

«Операция жаңа психоактивті заттар айналымының жолын кесу, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағында Ауғанстан мен Ираннан ауған апиынының контрабандалық арналарын жою, трансұлттық есірткі топтарының қызметінің жолын кесу, заңсыз айналымнан қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды алу мақсатында жүргізіледі. Кездесуде сондай-ақ 2023 жылы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағындағы есірткі ахуалының өзгеруінің соңғы үрдістері, оның осы жылдың екінші жартыжылдығындағы даму болжамдары талқыланды», - деді Ш.Тұрлыбек.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фоминмен кездескен.

Серіктес жаңалықтары