×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Росатом» басшысы Қазақстанның Будёнов кен орнын иеленгені үшін Путинге алғыс айтты

15.08.2023, 09:33
Office Life

"Росатом" Қазақстандағы Будёнов уран кен орнын сатып алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атом мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевтің айтуынша, осының арқасында "Росатом" әлемдегі осы стратегиялық металдың қоры бойынша екінші орынға шықты.

«…Қазақстандағы Будёнов кен орнын алуда қолдау көрсеткеніңіз үшін сізге алғыс білдіремін. Біз қор жағынан сенімді түрде үшінші орынға көтерілдік. Ядролық отын циклі жағынан үштікке ендік. Біз әсіресе дос ниеттегі елдерге тасымалды арттырдық. Ол елдер Қытай, Таяу Шығыс және Африка елдері”, – деді  Лихачев РФ президенті Владимир Путинмен кездесуі барысында.

Будёнов кен орны – 1970 жылдары ашылған әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың көктемінде қазақстандық олигарх Александр Клебановтың ұлы Яков пен ресейлік миллиардер Василий Анисимов Будёновскоедегі үлесін Росатомға сатқаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары