×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстанның халықаралық резевтері азайды

15.08.2023, 14:35
inbusiness.kz

Еліміздің жалпы халықаралық резервтері 94 млрд долларды құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин мәлім етті.

"Жалпы халықаралық резервтер шілде айының соңында 94,4 млрд доллар болды. Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері шілде айында 34,2 млрд долларға дейін 0,8 пайызға төмендеді. Ұлттық қордың активтері 60,2 млрд долларға дейін 0,7 пайызға ұлғайды. Ұлттық қордан республикалық бюджетке 2,4 трлн теңгеге трансферттер бөлу үшін жыл басынан бастап Ұлттық қордың 4,1 млрд долларға валюталық активтері сатылды. Қорға жыл басынан бастап түскен жиынтық қаражат – 2,7 трлн теңге", - деді Виталий Тутушкин. 

Ұлттық Банк сыртқы және ішкі нарықтардағы жағдайдың даму барысын қадағалап, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және инфляцияны одан әрі төмендетуге бағытталған тиісті шараларды қабылдауды жалғастырмақ.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ұлттық қорға жыл басынан бері қанша қаржы түскені хабарланған.

Серіктес жаңалықтары