×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Электрлі самокатты мас күйде айдағандар қандай жазаға тартылады

16.08.2023, 08:32
фото: ашық дереккөзден

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова электрлі самокаттардың жүргізушілеріне мас күйде жүргені үшін жауапкершілік қолданыла ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақтоты Боранованың түсіндіруінше, электрлі самокат автокөлік құралы болып табылмайтындықтан және тіркеуге жатпайтындықтан, оларға ӘҚБтК-нің 608-бабында көзделген жауапкершілік қолданылмайды. Электрлі самокатты мас күйінде жүргізгені үшін ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша жауапқа тартылады.

"Мас күйінде электрлі самокатты басқару ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша ("Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде жүру" – 5 АЕК айыппұл, қайта бұзған жағдайда бес тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін) қоғамдық орындарда мас күйде жүргені үшін жауаптылыққа әкеп соғады", - деп нақтылады ол.

Айта кетейік, бұдан бұрын самокатшыларға тағы бірнеше шектеу енгізілетіні хабарланған.

Серіктес жаңалықтары