×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Ысырапшылдық": Ақтаулықтар электр энергиясы қат кезде ғимараттардың жарықтандырылуына наразы

17.08.2023, 08:16
"Ысырапшылдық": Ақтаулықтар электр энергиясы қат кезде ғимараттардың жарықтандырылуына наразы
видеодан кадр

Ақтауда қоғам белсендісі Азамат Сәрсенбаев өңірде жарық шектеумен беріліп жатқан уақытта ғимараттардың сырты жарықтандырылуына наразылық білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"МАЭК-те электр энергиясын өндіру мәселесі күрделі болып тұрған шақта тұрғын үйлердің сыртын жарықтандыру ысырапшылдық емес пе? Аудандар электр қуатынсыз отырған кезде Ақтау қаласында бағалы ресурсты осылай мақсатсыз пайдалану қаншалықты орынды?"- деді ол.

Ол қала және облыс әкімдіктерін МАЭК-те жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде бизнес иелері мен элиталық тұрғын үй кешендерінің ПИК өкілдеріне электр энергиясын ұқыпты тұтыну қажеттігін түсіндіруге шақырды.

Қала әкімдігі түнгі уақытта жарық беруде түйткіл жоқ екеніне сендірді.

"Түнде өңірде электр энергиясының тапшылығы жоқ. Тұрғын үй инспекциясы бөлімі ПИК басшыларымен, ал кәсіпкерлік бөлімі – сауда үйлерінің иелерімен электр энергиясын үнемдеу тұрғысынан түсіндіру жұмыстарын жүргізеді", - деді ведомстводан.