×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Үкіметтегілер қазақстандық компанияның АҚШ санкциясына іліну себебін түсіндірді

17.08.2023, 14:36
фото: ашық дереккөзден

ҚР Ұлттық экономика министрлігі "Defence Engineering" компаниясы АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) SDN санкциялар тізіміне енгенін растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомсвто мәліметінше, кәсіпорын Астанада тіркелген. Бүгінде ол белсенді емес. ҚР Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша, компанияның қызметі 14.02.2021 жылдан бастап тоқтатылған.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, аталған кәсіпорынға ерекше тауарларды өткізуге лицензия, рұқсат берілмеген.

“Біз компанияның санкциялар тізіміне енгізілуін Қазақстанның резиденті болып табылмайтын, оның иесі Ашот Мкртычевтің АҚШ санкциясында болуымен байланыстырамыз. Компанияның санкциялар тізіміне енгізілуі техникалық сипаттағы жәйт. Бұл адам 2020 жылғы 7 наурызда ҚР аумағынан кетіп қалған. Одан кейін елге кірмеген. "Defence Engineering"-тен басқа, оның басқа юрисдикцияларда тіркелген екі компаниясы да санкцияға іліккен”, – делінген хабарламада.

Ұлттық экономика министрлігі аталмыш  компания бойынша тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.

Еске салайық, бұдан бұрын АҚШ «Солтүстік Кореямен байланысы» үшін қазақстандық компанияға санкция салғаны хабарланған.


 

Серіктес жаңалықтары