×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Депутат олигарх Митталдың компаниясын Қазақстаннан қууды талап етті

18.08.2023, 08:06
Коллаж: Ulysmedia.kz

Мәжіліс депутаты Никита Шаталов Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал" АҚ "Қазақстан" шахтасындағы өрт туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"АрселорМиттал" үнді олигархы Лакшми Митталға тиесілі. Шаталов кәсіпкер бірнеше жылдар бойы кәсіпорында болып келе жатқан қайғылы оқиғалардан сабақ алмады деп санайды.

"Миттал соңғы жылдары болған барлық қайғылы оқиғалардан кейін қорытынды жасамады. Шахталар мен қауіпсіздік жүйелерінің жағдайы өзгеріссіз қалды, менеджмент әлі де пайданы барынша арттыруға бейімделген. Оларға қазақстандықтардың өліп жатқаны, олардың денсаулығына үнемі қауіп төніп тұрғаны маңызды емес", - деді депутат.

Шаталов ел көмірді өндіру және байыту, болат балқыту технологияларының дамуының ондаған жылын жоғалтты деп санайды, сондықтан осы нысандарда адамдарымыздан айырылып жатырмыз.

"Жағдайдан шығатын жол айқын - мемлекет Митталдың компаниясын елден қуып шығарып, қазақстандық жер қойнауы мен отандық өнеркәсіпті пайдалану туралы барлық келісімдерді бұзуы керек, оған үндіс ештеңе салған жоқ. "Арселор" біздің отандастарымыздың өлімімен байып жатыр. Тек осылай ғана біз осы қайғылы оқиғаларды тоқтата аламыз.",- деп қосты ол.

"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорындарындағы өлім-жітіммен болған жазатайым оқиғалардың статистикасы интернет қолданушыларының ғана емес, мемлекет басшысынан бастап ресми тұлғалардың да наразылығы мен ашулы пікірлерін тудырды.

Айта кетейік, былтыр  3 қарашада Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада апат болып, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның 4 жұмысшысы қаза тапқан.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанымен, ол әлі күнге дейін сотқа жеткен жоқ. Ал жұмысшылардың өліміне жауаптылардың шені өсіп жатыр.

Бір жыл ішінде «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзудың 2 мыңға жуық дерегі анықталды.

Сондай-ақ, бұдан бұрын экологтардың тексерісінен кейін «АрселорМиттал Теміртауға» ауаны ластағаны үшін 1 млрд теңгеден астам айыппұл салынғаны хабарланған.

Еске сала кетейік, кеше «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында конвейер лентасы өртенді. Жер астында барлығы 227 жұмысшы болған. Жұмысшылар бүйірлік оқпан арқылы шахтадан жер бетіне шығарылды.

Бұдан бұрын апаттан зардап шеккендер саны алты адамға жеткені хабарланған. Кейін зардап шеккендар саны 8-ге жетті.

Апат орнынан екі жұмысшының мәйіті табылды. Өрт кезінде жер астында 227 қызметкер болған. 

 

Серіктес жаңалықтары