Қазақстанда "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы әзірлнеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қаржы министрлігі әзірлеген құжат бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:
Жасы бойынша және еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемдерін 9,0% арттыру көзделген.
МӘМС төлеуге жататын міндетті медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекеттік жарналарды есептеу объектісінің 1,9%-ы болады.
Әскери қызметкерлерге (шұғыл әскери қызметкерлерді қоспағанда) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық төлемдерді төлеуге арналған ақшалай өтемақы мөлшері өзгермейді және 3 739 теңге болады.
Заң жобасы 4 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтына жарияланған.