×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Алматыда мектеп құрылысын созбаққа салған компанияға 6,5 млн теңге айыппұл салынды

22.08.2023, 12:41
gov.kz

Алматыдағы №9 мектеп-интернатты салумен және сейсмикалық күшейтумен айналысатын «Barat & Co» ЖШС мердігерлік ұйымына 6,5 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, нысан бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 2021 жылдың шілдесінде басталып, өткен жылдың қараша айында аяқталуы тиіс болатын.

«Barat & Co» ЖШС мердігерлік ұйымына қатысты жұмыс өндірісінің бұзылуы және сапасыз материалдарды қолдану фактілері бойынша 2022 жылғы желтоқсанда Алматы әкімдігі сотқа талап арыз берді. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 7527-23-00-2/3201 шешімімен «Barat & Co» ЖШС мердігеріне 6,5 млн теңге айыппұл салынды», – делінген хабарламада.

Мердігер ұйымдарға 2023-2024 жаңа оқу жылына барлық жұмыстарды аяқтау тапсырылды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Алматы облысында жөндеуі бітпеген 11 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын емес екені хабарланған.

Серіктес жаңалықтары