"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ алты айда қанша табыс тапқанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы компанияның кірісі 3 943 млрд тенге млрд теңгені (8 726 млн доллар) құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 15,1%-ға төмен.
Кірістің азаюына Brent маркалы мұнайдың орташа бағасының 26,2% - ға төмендеуі ықпал еткен.
Бұл ретте "ҚазМұнайГаз" таза пайдасы 2022 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 36,6%-ға азайып, 492 млрд теңгені құрады.
Бірлескен бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың үлесіне түзетілген таза пайда 24,3%-ға – 352 млрд теңгеден (782 млн доллар) 266 млрд теңгеге (589 млн доллар) дейін қысқарған.
Сондай-ақ компанияның қарыздары туралы ақпарат берілген. Жалпы қарыз сомасы 3,9 триллион теңгені құрайды.
Айта кетейік, бұған дейін "ҚазМұнайГаз" мұнай кен орындарындағы үлесін ресейліктерге сататыны хабарланған болатын.