×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

2024 жылы Назарбаев кеңсесін қазынадан қаржыландыру тоқтатылуы мүмкін

23.08.2023, 16:23
ria.ru

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесі келесі жылдан бастап ел бюджетінен қаржыландырылмауы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Ашық НҚА" порталында  4 қыркүйекке дейін талқылауға шығарылған 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесіне жоспарланған шығындар туралы тармақ жоқ.

Бұдан бұрын Назарбаевтың кеңсесін ұстауға 2024-2026 жылдарға 4 млрд теңге сұралғаны хабарланған еді. Бұл қаржы экс-президент кітапханасының, жеке мұрағатының және мұражайының жұмысына бағытталатыны нақтыланған.

Айта кетейік, жуырда Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты өз атымен аталатын мектептер, ЖОО және қордың жоғарғы кеңесі басшысы мәртебесінен айыратын заңға қол қойды.

Серіктес жаңалықтары