×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шекарада қаңтарылған көліктер: Қырғызстан Еуразиялық экономикалық комиссияға жүгінді

25.08.2023, 08:13
Шекарада қаңтарылған көліктер: Қырғызстан Еуразиялық экономикалық комиссияға жүгінді
көрнекі фото, ашық дереккөзден

Қырғызстан Қазақстан шекарасындағы жағдайға байланысты Еуразиялық экономикалық комиссияға (ЕЭК) жүгінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Комиссияның хабарламасында "қырғыз тарапы мониторингтік топқа Қазақстан тарапынан өткізу пункттерінің өткізу қабілетінің айтарлықтай төмендеуіне байланысты  автокөлік құралдарының едәуір жиналып қалғанын көрсетті" делінген.

Қазақстандық тарап жүк машиналарының өткізілуін екі-үш машинадан сағатына сегіз-тоғыз машинаға дейін ұлғайтқаны хабарланды. Еуразиялық экономикалық комиссия жағдайды бақылауда ұстамақ.

Еске салайық, бірнеше күннен бері қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктері қаңтарылып тұр. Жүргізушілер жүк көліктерінің Қазақстанға кіргізілмеу себебіне қатысты түрлі нұсқа айтады. Олардың бірі бойынша, бұл Қырғызстанның Қазақстанға суармалы су жеткізуді тоқтатуына байланысты. Екінші нұсқа – қазақстандық шекарашылар есірткі тиелген өзбекстандық жүк көлігін іздеп жатыр деген болжам бар.

Бұдан бұрын Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарадағы жағдайға қатысты түсініктеме беріп, өткізу пунктерінде ешқандай шектеулер енгізілмегенін мәлімдеген.

23 тамызда шекарада қаңтарылған көліктер саны 600-ден асып жығылғаны хабарланған.