×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

АҚШ билігі алғаш рет Трамптың түрмедегі суретін жариялады

25.08.2023, 08:47
Getty Images

Джорджия штатындағы сайлауға араласу туралы қылмыстық іс бойынша айыпталған АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Атланта түрмесінде полицияға өз еркімен берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фотосурет Джорджия штатының астанасы Атлантадағы түрмеде түсірілген, онда Дональд Трамп бір күн бұрын қылмыстық айыпталушы ретінде ресми түрде берілу үшін келген. Экс-президент түрмеге тіркелді, суретке түсті, саусақ іздерін алды және 20 минуттан кейін босатылды, өйткені судья оны аптаның басында 200 мың доллар кепілмен сотқа дейін босату туралы шешім қабылдады.

Fulton County Sheriffʼs Office 

Естеріңізге сала кетейік, Трамп 2020 жылғы президенттік сайлаудың нәтижелерін қайта қарауға тырысты деп айыпталуда. Ресми айыптауға сәйкес, ол мұны жергілікті республикалық саясаткерлерден талап етті. Бұл іс бойынша тағы 18 адамға айып тағылуда.

Трамп – АҚШ президенттері арасында қылмыстық іс бойынша айыпталған алғашқы адам. Бұл оған қарсы төртінші қылмыстық іс — бірақ оның магшоты (қамауға алынғаннан кейінгі ресми сурет) алғаш рет жарияланды.

 

Серіктес жаңалықтары