×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

АрселорМиттал Теміртаудағы шахтада тағы өрт шықты

27.08.2023, 09:46
Ашық дереккөз

«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында тағы өрт тіркелді. Төтенше оқиғаға байланысты жұмысшылар эвакуацияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«АрселорМиталл Теміртау» компаниясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, өрт 27 тамыз күні сағат 01:55-те орын алған.

«Тез арада апатты жою жоспары енгізілді. Өрт ТЖҚБ бөлімшесінің күшімен жойылды. Барлық жұмысшылар жер бетіне шығарылды. Зардап шеккендер жоқ, себептері мен мән-жайы анықталуда», - деді компания өкілдері.

Ал, тұрғындар әлеуметтік желіде түнде шахта жақтан гуіл мен сирена естілгенін жазып жатыр.

Еске салайық, 17 тамызда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты «Қазақстан» шахтасында өрт шыққан болатын. Төтенше оқиға кезінде онда 227 адам болған.

Кейін 222 адам жер бетіне шығарылды. 19 тамызда қаза тапқан бес кеншінің денесі табылды. Шахтадағы өрт жалғасып, жалын көмір қабаттарына тараған.

Серіктес жаңалықтары