×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

Алматы метросын салу кезінде 5 млрд теңге жымқырғандардың ісі сотқа жетті

28.08.2023, 08:36
Алматы метросын салу кезінде 5 млрд теңге жымқырғандардың ісі сотқа жетті
фото: ашық дереккөзден

«Метрополитен» КМК бұрынғы басшылығы, сондай-ақ мердігер ұйымдар - «Алматыметроқұрылыс» АҚ және «Автоматтандыру және технологиялар сервисі» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, қылмыстық іс ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы және 216-бабының 3-бөлігі бойынша қозғалған.

Күдіктілер Алматы қаласы метрополитенінің жаңа желісін салу кезінде ауқымды басқару функциясына ие болған. Дәл осы өкілеттіктер оларға қылмыстық жағдай жасауға және 5 млрд теңге ұрлауға мүмкіндік берді.

“Ол үшін олар жалған баға ұсыныстарын жинақтап, олардың негізінде құны 10 есе жоғары болатын жабдықтарды сатып алуға смета жасады. Кейіннен жымқырылған қаражатты «жалған кәсіпорындар» арқылы қолма-қолға айналдырды. Жымқырған ақшаны қайтару үшін үш қымбат пәтерге, Алматы қаласындағы бір кеңсеге, Алматы облысындағы жер учаскесіне, люкс автокөліктеріне, брендтік сағаттарға және күдіктілердің басқа да бірқатар активтеріне тыйым салынды”, – делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда қылмыстық іс сотқа жолданған.