×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Сүйектері сынып, миы шайқалған: Алматыда аялдамада зардап шеккендердің жағдайы айтылды

28.08.2023, 17:14
Сүйектері сынып, миы шайқалған: Алматыда аялдамада зардап шеккендердің жағдайы айтылды
inbusiness.kz

Алматылық дәрігерлер аялдамадағы апаттан зардап шеккен 7 адамның жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бес зардап шегуші түрлі дене жарақатымен Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді. Тексеруден кейін үшеуі амбулаторлық емдеуге жіберілді. Бір науқастан ығысусыз сол жақ сан сүйегінің сынығы, сол жақ тобығының ығысусыз жабық сынығы анықталса, екінші науқасқа мидың шайқалуы, сол жақ жіліншіктің айдаршығының ығысқан жабық ұсақталған ілінді сынығы диагнозы қойылды. Екі науқас та травматология бөлімшесіне жатқызылды», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынаын.

Екі жасөспірім Алматы қаласы балалар шұғыл көмек көрсету орталығына жеткізілген. Тексеру нәтижесі бойынша екі бала да нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылды.

«15 жастағы балада жабық бас-сүйек ми жарақаты, мидың шайқалуы, жұмсақ тіндердің зақымдалуы диагнозы қойылды. 16 жастағы екінші балада аралас жарақат, жабық бас-сүйек миының жарақаты, мидың шайқалуы, оң жақ жіліншіктің ортаңғы үштен бірінің жабық сынуы анықталды», - деп мәлім етті ведомство.

Еске салайық, бүгін Алматыда Mercedes көлігі автобус аялдамасына соғылып, салдарынан жеті адам жарақат алды.