×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Сәтқалиевтің командасы "Самұрықта" 400 млн теңгеден астам сыйақы алған

29.08.2023, 08:13
Сәтқалиевтің командасы "Самұрықта" 400 млн теңгеден астам сыйақы алған
Коллаж: Ulysmedia.kz

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының nоп-менеджменті 2022 жылы 406,5 млн теңге көлемінде сыйақы алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы KASE сайтында жарияланған құжатта айтылған.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша сыйақылардың жалпы мөлшері 275,2 млн теңгені құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп.

"Самұрық-Қазына "ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқарма төрағасы қызметін 2022 жыл бойы Алмасадам Сәтқалиев атқарды. Ол 2023 жылдың сәуірінде энергетика министрі болып тағайындалды.

Компания басшылығы басқарма төрағасы мен мүшесінің қызметін бағалау нәтижелеріне байланысты бонустар алады. Мұндай бонустарды төлеудің негізгі шарттарының бірі – есепті жылдағы шоғырландырылған қорытынды пайданың болуы.

Өткен жылы қор таза пайданы 18%-ға, 1,9 трлн теңгеге дейін ұлғайтқан. Сондай-ақ, кіріс айтарлықтай өсіп, 14,78 трлн теңгені құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 26%-ға көп. Бұл өсім тазартылған алтын мен газды экспортқа қайта өңдеу өнімдерін өткізу көлемінің ұлғаюымен түсіндірілді.

"Самұрық-Қазына" топ-менеджменті алты адамнан тұрады. Командаға даму, қаржы, стратегия, активтерді басқару және басқа бағыттар бойынша әртүрлі басқарушы директорлар кіреді.

2023 жылдың сәуір айынан бастап қорды Нұрлан Жақыпов басқарады, ал Елжас Отыншиев Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директор болды.