×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Каспий теңізінде экскаватормен “аттракцион” ұйымдастырған жүргізуші жазаланды

29.08.2023, 14:29
видеодан кадр

Желіде Каспий теңізіне жүргізушінің экскаватормен кірген сәті таспаланған видео тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қоғам наразылығын тудырған видеоға Маңғыстау облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

«Ақтау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтады. 29 жастағы жүргізушіге ҚР ӘҚБтК 593 және 620-баптары бойынша екі әкімшілік хаттама жасалды», – делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Айта кетейік, бұдан бұрын Маңғыстаудағы Ыбықты сайда шатқалға есімін қашап жазған ақтөбелік шенеунік қызметінен кеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары