×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

“Менде бомба бар”: Жолаушы Астана әуежайындағыларды аяғынан тік тұрғызды

31.08.2023, 14:06
фото: ашық дереккөзден

Астана-Алматы бағыты бойынша ұшып бара жатқан жолаушы тіркеу кезінде өзімен бомба бар екенін айтқан. Әуежайда дабыл қағылып, қызметкерлер нысанды шұғыл тексеруге мәжбүр болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алайда Астана авиациялық қауіпсіздік қызметіндегілер ешқандай жарылғыш заттың нысан аумағында жоқ екенін анықтаған.

Жарылғыш зат туралы жалған хабар берген жолаушы рейстен шеттетіліп, желілік полиция бөлімі қызметкерлеріне тапсырылды.

Қазір жолаушыға қатысты ҚР ҚК 273 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Алматы маңындағы ірі сауда ойын-сауық орталығына «бомба қойылғаны» туралы хабарлама түскен.

Серіктес жаңалықтары