×
523.58
549.71
5.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.58
549.71
5.01

Мемлекеттік органдар мен шенеуніктер миллиондаған айыппұл арқалады

31.08.2023, 15:15
Мемлекеттік органдар мен шенеуніктер миллиондаған айыппұл арқалады
фото: ашық дереккөзден

1 шілдеде елімізде құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіретін мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты енгізілді. Сол уақыттан бастап әлеуметтік инспекторлар 233 тексеру жүргізген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

49 мектеп пен колледж, 36 жергілікті атқарушы органдардың облыстық басқармалары және аудандық бөлімдері, 61 жұмыспен қамту басқармалары мен бөлімдері, 13 дүкен, 5 сауда орталығы, 14 медициналық-әлеуметтік мекеме, 20 емхана мен аурухана, 2 банк бөлімшесі, 3 қазпошта бөлімшесі, 1 фитнес-клуб, 1 университет, 4 санаторий, 2 кафе және 2 шаштараз тексерілген.

«Мәселен, Түркістан облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті Кентау қаласы тұрғынының (1 топтағы мүгедектігі бар адам) өтініші негізінде Кентау гуманитарлық-техникалық колледжіне жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша лауазымды адамға анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданды», - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.

Алматы облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті Талғар қаласы тұрғынының өтініші негізінде бірқатар мемлекеттік мекемелерде: Талғар қаласы әкімінің аппаратында, Талғар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында, Талғар аудандық полиция басқармасында, Талғар аудандық орталық ауруханасында және Талғар аудандық электр желілері «Алатау жарық компаниясы» АҚ-да жоспардан тыс тексерулер жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша жеке кәсіпкерге анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік инспекторлар институты енгізілгенге дейін ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылдың 1 жартыжылдығында 750 тексеру жүргізді, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы 533 ұйғарым берілді, 44 млн теңгеден астам сомаға 233 айыппұл салынды», - деді ведомство өкілдері.

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік инспекторларды енгізу халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын уақтылы қорғап қана қоймай, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға да ықпал етпек.