×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Атырауда жол апаты: бір адам көз жұмып, бесеуі жарақат алды

02.09.2023, 13:59
Ашық дереккөз

Атырау облысында орын алған жол апатынан бір адам қайтыс болды, бес адам жарақат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аймақтағы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 1 қыркүйек күні сағат 16:30 шамасында болған. «Доссор-Құлсары-Бейнеу» тас жолының 48-ші шақырымында Toyota Camry мен Lada Priora көліктері соқтығысқан.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Lada жүргізушісі жол апатынан оқиға орнында қайтыс болғанын мәлімдеді. «Тойотаның» төрт жолаушысы мен «Ладаның» бір жолаушысы Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді.

Полиция құжаттарды жинап жатыр.

Серіктес жаңалықтары